14:21, 21 Қыркүйек 2011 | GMT +5
Қазақстанның ерлер құрамасы Дэвис кубогының жаңарған рейтінгінде 10 орынға тұрақтады
АСТАНА. 21 қыркүйек. ҚазАқпарат - Дэвис кубогының жаңартылған рейтингінде 1 саты жоғалтып, 10 орынға жайғасты, деп хабарлады ҚР Теннис федерациясының баспасөз қызметінен.

Жаңа рейтингте Қазақстан құрамасын басып озған Хорватия құрамасы 12 орыннан 7-ші орынға жоғарылады. Рейтингте Испания құрамасы көш басында. Одан кейінгі орындарда Сербия мен Аргентина құрамалары тұр.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Қазақстан құрамасы жершарының 16 үздік құрамасы қатарына ену үшін елордада өткізілген ойында Швейцария құрамасын 5:0 есебімен ұтып, өз тарихында алғаш рет әлемдік топқа енген болатын.
Ағымдағы жылы қазақстандық теннисшілер Чехия командасын 3-2 есебімен ұтып әлемдік топтағы ұстанымын нығайта түсті. Ал Дэвис кубогы матчының ширек финалында Қазақстан құрамасы Аргентинаға есе жіберді.