Қазақстанның Есеп комитеті мен Францияның Есептер соты ынтамақтастық туралы келісімге қол қояды

АСТАНА. Сәуірдің 30-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қазақстанның Есеп комитеті мен Францияның Есептер соты ынтымақтастық туралы келісімге қол қояды. Есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаев пен Франция Есептер сотының мүшесі, Францияның патенттер және тауар белгісі ұлттық ведомствосының Бас хатшысы Фредерик Ангерманнмен өткен кездесу барысында тиісті уағдаластыққа қол жеткізілді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Есеп комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараптар Қазақстан мен Францияның жоғары қаржы бақылау органдары арасындағы қарым-қатынастарды нығайтуға мүдделі екендіктерін білдіріп, келешектегі өзара әріптестік мәселелерін талқылады. Сондай-ақ кездесуде Есеп комитеті делегацияның алдағы уақытта Францияның Есептер сотына жасайтын сапарына қатысты мәселелер қозғалды. Осы сапар аясында тараптар өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қояды деп күтілуде.

«Біздің елдердің Коституциялары өте ұқсас. Қазақстанның Есеп комитеті Францияның Есептер сотымен ынтымақтастып жұмыс істеуге дайын. Біз қазіргі уақытта Сіздердің Франция Республикасының Президентімен, Министрлер Кеңесімен, Парламентпен, басқа да мемлекеттік органдармен және мекемелермен арадағы өзара қарым-қатынастарыңыздың қалай құрылғанын білгіміз келеді. Сонымен бірге Есептер соты мен жергілікті есеп палаталары қызметінің құқықтық негізімен, сондай-ақ сәйкестік бақылауын, қаржылық есептілік пен тиімділік бақылауын жүргізудің әдіснамалық сипаттарымен танысуға ниеттіміз», - деді Омархан Өксікбаев.

Өз кезегінде, Фредерик Ангерманн Есеп комитетінің Францияның Есептер сотына жасайтын сапары екі жақты қатынастарды жаңа сатыға көтеретіндігін атап өтті. Сондай-ақ кездесу кезінде ол Франция жоғары қаржы бақылау органының құрылу тарихы, өкілеттігі, құрылымы мен оның ұйымдастырылуы жөнінде тоқталып өтті.

USAID-тың экономикалық реформалар арқылы бәсекеге қабілеттілікті арттыру жобасы Есеп комитетінің Францияның Есептер сотына жасайтын сапарына техникалық қолдау көрсететін болады.

Соңғы жаңалықтар