Қазақстанның есірткімен күрес бағдарламасы 5 жылға ұзартылады

АСТАНА. 2 қараша. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Келесі жылдан бастап еліміздің есірткі бизнесіне қарсы стратегиялық бағдарламасы үш жылдан бес жылға дейін ұзартылады.

Қазақстанның есірткімен күрес бағдарламасы 5 жылға ұзартылады

Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ Есірткінің заңсыз айналымын бақылау және есірткі бизнесіне қарсы күрес комитеті төрағасының орынбасары Ырыскелді Жандарбеков мәлім етті.

Оның хабарлауынша, биыл еліміздің есірткі бизнесіне қарсы күрес шараларына арналған үшжылдық бағдарламасы аяқталып жатыр. «Енді, 2012 жылдан бастап оның мерзімі 5 жылға дейін ұзартылады. Оның ішінде Қазақстанның есірткімен күрес саласындағы барлық стратегиясы ашық көрсетілген. Ол бағдарлама есірткі бизнесін алдын алу, құқық қорғау, оңтүстік шекараны күшейту және тағы басқа шараларды қамтиды. Айта кетер жәйт, оған қыруар қаржы бөлініп отыр», - дейді Ы.Жандарбеков.