Қазақстанның эстрада жұлдыздары кішкентай Аружанның еміне қаржы жинауға көмектесіп жатыр

АСТАНА. 22 ақпан. ҚазАқпарат - Астанадағы «Қазақстан» Орталық концерт залында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қайырымдылық концерті өтіп жатыр.

Қазақстанның эстрада жұлдыздары кішкентай Аружанның еміне қаржы жинауға көмектесіп жатыр

Сатылған билеттен жиналған қаржыны әншілер төрт жасар Аружан Оразбекованың ем-домына беру шешімін жасады. Жеткіншек остеопороз дертіне шалдыққан. Бұл індеттің салдарынан баланың сүйектері өте нәзік болғандықтан, ол қарапайым қимылдарды жасауға қауқарсыз.

Аружанның ата-аналары аталған дерпен күресіп келеді, алайда тиісті нәтижелерге қол жеткізуге мүмкін болмай отыр. Балаға Мәскеудің білікті дәрігерлері ота жасауға дайын екендіктерін білдірген екен. Олардың пайымынша, Аружанды емдеуге оңтайлы мүмкіндіктер бар. Бірақ та қыздың ата-аналарына қажетті қаржыны жинау қиын соғуда.

Қайырымдылық концертті ұйымдастырып отырған «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанаты өкілдерінің сөзінше, қазіргі кезде жеткіншекті емдеу үшін барлық мейірімді адамдарға үлкен үміт пен сенім артылып отыр.