Қазақстанның Еуразияның геосаяси және геоэкономикалық жүйесіндегі жоғары мәртебесін нығайта түсеміз - Президент

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздің Еуразияның геосаяси және геоэкономикалық жүйесіндегі жоғары мәртебесін одан әрі нығайтуға мүдделіміз. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен былтыр «2020-2030 жылдарға арналған Сыртқы саясат тұжырымдамасын» бекіттім. Бұл құжат арқылы халықаралық стратегиямыздың қағидаттары және бағыт-бағдары өзгермейтінін нақтыладық. Сондай-ақ, Қазақстан үшін Ресей, Қытай, АҚШ, Орталық Азия және Еуропа Одағы мемлекеттерімен стратегиялық қарым-қатынасты сақтау ерекше маңызды екенін тағы да қуаттай түстік. Біз Азия, Орта және Таяу Шығыс, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Африка елдерімен байланысты кеңейте береміз», - деді Мемлекет басшысы.

Осы орайда Президент жалпы сыртқы саясатымыздың ауқымы кең болуы керек екенін қадап айтты.

«Көк байрағымызды әлемнің негізгі аймақтарында орнату қажет. Бұл еліміздің стратегиялық мүддесіне толық сай келеді. Сонымен қатар біз еліміздің Еуразияның геосаяси және геоэкономикалық жүйесіндегі жоғары мәртебесін одан әрі нығайтуға мүдделіміз», - деді Қ. Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар