Қазақстанның «Еуровидение» әндер байқауына қатысуға мүмкіндігі бар

АСТАНА. 5 қазан. ҚазАқпарат - «Қазмедиа орталығы» Басқарушы компаниясы» ЖШС басшылығы Қазақстанның Еуропалық хабар тарату одағына кіруі үшін келіссөздер жүргізуде.
None
None

Сонымен қатар, «Қазмедиа орталығының» Азиялық-Тұнық мұхиттық хабар тарату одағына кіруі жөніндегі шешім де күтіліп отыр. Бұл туралы ЖШС баспасөз орталығы хабарлайды.

Бұл Қазақстанның әлемдегі ең беделді эстрадалық конкурс болып саналатын «Еуровидениеге» қатысуына мүмкіндік береді. Бұл мәселе көптен бері талқыланып келеді, алайда Еуропалық хабар тарату одағының қоятын талаптары тым жоғары болғандықтан, мүмкін болмай келген еді. Одақтың мүшесі, ең алдымен сол одақтың қызметтерін белсенді түрде пайдалануы тиіс, екіншіден, ірі шараларды трансляциялау үшін қымбат тұратын тарату құқығын жүйелі түрде сатып алып отыруы қажет, үшіншіден, өзінде заманауи техникалық базасы болуы керек. Егер де шара осы елде өтсе, онда ол түсіру және трансляциялау жұмыстарын жоғары деңгейде ұйымдастырып, осы іспетті шараларды тарату бойынша тәжірибесі болуы шарт. Сонымен қатар, тұрақты түрде төлеп тұратын мүшелік жарна тағы бар. Ал осы Еуропалық хабар тарату одағына тұрақты мүшелік қана «Еуровидениеге» қатысуды қамтамасыз ете алады.

 Мұндай мүмкіндіктер қазақстандық телеарналарды бұрын болмаған еді. «Бүгінде Қазақстанның Еуропалық хабар тарату одағына мүшелікке ену жұмыстары жүргізіліп жатыр.  Бұл тек әлемдік стандарттарға жауап беретін техникалық базамен жабдықталған «Қазмедиа орталығы» телерадиокешенінің ашылуынан соң мүмкін болып отыр. Осы арқылы қазақстандық медиа нарық әлемге жар салатын болады», - дейді компанияның халықаралық бөлімінің бастығы Жанар Шалбаева.

Соңғы жаңалықтар