Қазақстанның фармацевтикалық нарығы 1 млрд. доллар шамасында қалыптасып отыр - В. Зверьков

АСТАНА. Сәуірдің 13-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Қазақстанның фармацевтикалық нарығы 1 млрд. доллар шамасында қалыптасып отыр. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысында «Самұрық-Қазына Фармация» ЖШС-нің Бас директоры Вадим Зверьков мәлім етті,

Қазақстанның фармацевтикалық нарығы 1 млрд. доллар шамасында қалыптасып отыр - В. Зверьков

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінгі күні қазақстандық фармацевтикалық нарық шамамен 1 млрд. долларды құрайды. Бұның ішінде 400 млн. долларға жуығы тегін медициналық көмектің кепілдендірілген мөлшері аясында мемлекет тарапынан сатып алуларға жатады. Ал қалған 600 млн. долларға жуығы комерциялық нарық болып табылады», деді ЖШС директоры.

Оның айтуынша, соңғы жылдары бұл сала жеткілікті деңгейде дамып келеді. Дегенменде, В. Зверьковтың сөзіне қарағанда, еліміздің барлық аймағындағы дәрі бағасына қатысты теңгерімсіздік орын алған. Бұндай теңгерімсіздік әсіресе дәріханалық сегментте әлі күнге сақталып отыр.