Қазақстанның Филиппиндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Асхат Тұтқышбайұлы Оразбай Қазақстан Республикасының Филиппин Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды.

Қазақстанның Филиппиндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі тағайындалды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлайды.