Қазақстанның футбол құрама командасының Бельгиямен және Германиямен ойындарына билеттер қазанның 5-інен бастап сатылады

АСТАНА. Қазанның 4-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Футболдан Еуропа чемпионатына іріктеу матчтары аясында өтетін Қазақстан-Бельгия және Қазақстан-Германия ойындарына билеттер ертең,
None
None

қазанның 5-інен бастап сатылады. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында Қазақстан Футбол федерациясының Атқарушы директоры Әлия Дүйсекеева айтты.

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан құрамасы 2012 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирі аясындағы кезекті матчтарын елордадағы «Астана-Арена» стадионында қазанның 8-і күні ен Бельгиямен(басталуы сағат 22.00-де), ал қазанның 12-сі күні Германиямен (23.00) өткізеді.

Ойындарға билеттер Астанадағы «Астана-Арена» стадионының кассаларында және Алматыда «Business and Sport Travel» компаниясының кеңсесінде сатылады. Сондай-ақ оларға www.zakazbiletov.kz тапсырыс беруге болады.

Билеттердің құны Қазақстан-Бельгия ойындарына 1 мыңнан 7 мың теңге аралығында, ал Қазақстан-Германия матчына 2 мыңнан 15 мың теңгеге дейін.

Ә.Дүйсекееваның айтуынша, бельгиялықтармен болатын ойынға шет елдерден басым құрамы ресми делегация мен демеушілерден құралған барлығы 150 адам келеді. Ал Қазақстан мен Германия матчын тамашалауға ресми делегациядан бөлек, 380 жанкүйер келмек.

Ойындар басынан аяғына дейін «Хабар» телеарнасынан тікелей эфир арқылы көрсетіледі.

Қазақстан Футбол федерациясының қоғаммен байланыс департаментінің директоры Измаил Бзаров атап көрсеткендей, матчтардың тым кеш уақытта өткізілуі - УЕФА талаптарының орындалуы болып табылады. Қазақстан 8 жыл бұрын Азия конфедерациясының құрамынан УЕФА-ға өткен кезде, ойындарды телевизиялық түсіріп тарату туралы талаптарға қосылуға келісім берген. Мысалға, Еуропада матчтар орташа еуропалық уақыт бойынша шамамен 19.30 не болмаса 20.30-да өтеді. Уақыт айырмасын ескере келе, Қазақстанда бұл уақытқа қосымша 4 сағат қосылады.

Соңғы жаңалықтар