Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстанның футболшы қыздары Босния және Герцеговинаны ұтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы 2019 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу турнирінде кезекті кездесуін сырт алаңда Босния және Герцеговина құрамасымен өткізді. Ойын 2:0 есебімен футболшы қыздарымыздың пайдасына аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның футболшы қыздары Босния және Герцеговинаны ұтты

Бірінші таймда Босния және Герцеговина құрамасының ойыншысы Амира Спахич өз қақпасына гол соғып алды. Екінші таймда қазақстандық Екатерина Бабшук алыстан бағыттаған тура соққымен есепті еселеді.

ҚР футбол федерациясынан мәлім еткендей, қазақстандық қыздар іріктеу кезеңіндегі келесі ойынын 30 тамыз күні сырт алаңда Ресей құрамасымен өткізеді.

Босния және Герцеговина - Қазақстан - 0:2 (0:1)

Голдар: Спахич (автогол) 33, Бабшук 74.

Ескерту: Таслиджа 79 - Құлмағамбетова 18, Жұмабайқызы 55

Босния және Герцеговина: Хасанбегович Э., Шакотич, Спахич Ам. (Раделич 51), Хасанбегович М., Медич, Хаджич А., Николич, Спахич Ал., Кулиш Л., Камерич (Капетанович 46), Кршо (Таслиджа 72)

Қазақстан: Железняк, Қожахмет, Гайстенова, Қырғызбаева (к), Нұрышева, Құлмағамбетова, Кәрібаева (Власова 89), Ходжашева, Бортникова, Бабшук, Жұмабайқызы (Тұрлыбекова 80).

Бас төреші: Реэлика Тури (Эстония)

12 маусым 2018 жыл. Зеница қаласы.