03:47, 25 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Қазақстанның футболшы қыздары Франция құрамасынан ойсырай ұтылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның футболдан құрамасы 17 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Еуропа біріншілігіне іріктеу турнирінде Франциядан ұтылды, деп хабарлайды Sports.kz.
Матч Францияның айқын басымдығымен аяқталды, есеп 12:0. Айта кетерлігі бірінші таймда тоғыз доп салынды.
Мадлен Рот покер жасады, дубль жасағандар - Малори Крафф пен Кессия Бюсси, сонымен бірге Сара Захо, Юлия Дюфур, Клара Морейра пен Хлое Субьета гол салды.
Осы топта қазақстандық футболшы қыздардың қарсыластары Дания мен Уэльс құрамалары. Олар өзара ойнап, даниялықтар 2:0 есебімен жеңіске жетті. Келесі матчты Қазақстан құрамасы 27 қыркүйекте Данияға қарсы өткізеді.