Қазақстанның футзал және жағажай футболы департаментінің жаңа басшысы тағайындалды
АСТАНА. Сәуірдің 14-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қазақстанның футзал және жағажай футболы департаментінің жаңа басшысы болып Лев Ким тағайындалды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан Футбол федерациясыны сілтеме жасап.
«Қазақстан Футбол федерациясының кеңсесінде кеңес болып, онда аппаратқа футзал және жағажай футболы департаментінің жаңа басшысы таныстырылды. Департамент директоры болып футбол және футзал клубтарын басқаруда мол тәжірибесі бар Алматы қаласы футбол федерациясы атқарушы комитетінің мүшесі Лев Ким тағайындалды», делінген Қазақстан Футбол федерациясының таратқан хабарламасында. Айта кетейік, бұған дейін аталмыш құрылымның басшысы міндетін Болат Жахин атқарып келген болатын.