Қазақстанның ғалымдары шетелдік басылымдарға көптеп шығуы тиіс - ЕҰУ-дың ректоры

АСТАНА. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгінгі таңда қазақстандық ғалымдар шетелдік басылымдарға көптеп шықпайды. Олардың ғылыми жұмыстарына сілтеме жасау индексі төмен болып тұр. Бұл өз кезегінде отандық ғылымның дамуын тежеп отыр.
None
None

Бүгін Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Ғылым туралы» заңның жобасын талқылауға арналған «дөңгелек үстелде» осы жоғары оқу орнының ректоры Бақытжан Әбдірайым осы мәселені атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Университет басшысы атап көрсеткендей, өткен жылы шетелдік басылымдарда Қазақстанның 300 ғылыми мақаласы жарияланды. «Бұл - өте төмен көрсеткіш. Бір Гарвард ғана жылына 8 мың мақала жарыққа шығарады. АҚШ-тың ғылым саласындағы ғылыми еңбектері 200 мыңнан асып жығылады», - дейді Б.Әбдірайым.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Еуразия ұлттық университеті «Ғылым туралы» заңның жобасын талқылау жұмысына белсене қатысуда.

Соңғы жаңалықтар