Қазақстанның гандболдан әйелдер құрамасы Олимпиадалық іріктеу турниріне қатысады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 19-21 наурыз аралығында Қазақстанның гандболдан әйелдер ұлттық құрамасы Олимпиада іріктеу турниріне қатысады, деп хабарлайды Olympic.kz.
Байрақты бәсеке Венгрияның Дьер қаласында өтеді.
Ойын кестесі:
19 наурыз
Қазақстан - Венгрия
20 наурыз
Қазақстан - Ресей
21 наурыз
Сербия - Қазақстан