Қазақстанның Ғарыштық зерттеулер институтына оның негізін салушы академик Өмірзақ Сұлтанғазиннің есімі берілді
АСТАНА. 11 ақпан. ҚазАқпарат /Сара Қабиқызы/ - «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ Ғарыштық зерттеулер институтына оның негізін салған адам,
академик, Қазақстан Республикасының ғарыш саласын дамыту мен нығайтуға зор үлес қосқан ғалым Өмірзақ Сұлтанғазиннің есімі берілді, деп хабарлайды Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ баспасөз қызметі.
Академик Өмірзақ Сұлтанғазин Ғарыштық зерттеулер институтын 1991 жылдан 2005 жылдар аралығында басқарды және ғарыштық мониторингтің теориялық негізін құру бойынша ғылыми бағыттың негізін салушы болды.
Оның басшылығымен 6 доктор мен 30-дан астам ғылым кандидаттары дайындалды. Ол өзі белді халықаралық және отандық басылымдарда 350-ден астам ғылыми еңбектерін жариялаған.