Қазақстанның ғарыштық жүйелері ауыл шаруашылығы саласын әлемдік дейгейге дейін жеткізетін болады - Оңғарбек Әліпбеки

АЛМАТЫ. 24 ақпан. ҚазАқпарат - Біздің "Қазақстан Ғарыш Сапары"  ғарыштық агенттігінің жоспарлары бойынша бір-екі жылдан кейін елімізде  Қазақстанның ғарыштық жүйесі пайда болады.

Қазақстанның ғарыштық жүйелері ауыл шаруашылығы саласын әлемдік дейгейге дейін жеткізетін болады -  Оңғарбек Әліпбеки

Ғаламдық, навигациялық  спутниктік жүйелер ауыл шаруашылығы саласын әлемдік деңгейге дейін жеткізетін болады. Бұл туралы бүгін Алматыда «Білімдегі және өндірістегі, ғылымдағы тиімділік интеграциясы» атты тақырыпта өтіп жатқан республикалық семинар барысында "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясы" АҚ-ның Жерүсті кешендері бас орталығының атқарушы директоры Оңғарбек Әліпбеки айтты. 

Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы мәселелері көп салалардың бірі. "Бірақ, ауыл шаруашылығы - басқа ғылыми салаларға қарағанда өзінің интеллектуалдық әлеуеті өте жоғары деңгейде сақтап қалған сала. Бүгінде    ауыл шаруашылығына жұмсалып жатқан қаражаттар жеткіліксіз  болғанымен,  оның дамуына жақсы қолайлы жағдайлар жасалып жатыр. Солардың бірі - бүгінде елімізде дамып келе жатқан ғарыштық сала", - деді ол.