Қазақстанның газ қоры келешекте 3,7-ден 7 триллион текше метрге дейін ұлғаюы мүмкін - ҚР Мұнай және газ вице-министрі

АЛМАТЫ. 6 қазан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстанда биыл газ өндіру өткен жылғы көрсеткіштен 8,2 пайызға өспек. Оны Мұнай және газ вице-министрі Ляззат Қиынов бүгін Алматыда өтіп жатқан 19-шы қазақстандық "Мұнай және газ" халықаралық конференциясында айтты.

Қазақстанның газ қоры келешекте 3,7-ден 7 триллион текше метрге дейін ұлғаюы мүмкін  - ҚР Мұнай және газ вице-министрі

"Еліміздің газ қоры шамамен 3,7 триллион текше метр. Келешекте ол 6-7 триллион текше метрге дейін өсуі мүмкін деп болжануда. 2010 жылы 37 миллиард текше метр газ өндірілген еді. Бұл 2009 жылғы деңгейден 3,9 пайызға жоғары. 2011 жылы 40,5 миллиард текше метр газ өндіру жоспарлануда", - деді Л. Қиынов. Оның айтуынша, 2010 жылы 21 миллиард текше метр тауарлық газ өндірілді. Ол алдыңғы жылдан 107,6 пайызға көп. Ішкі нарықта тұтынушыларға 9 миллиард текше метр газ жеткізілді. Бұл 2009 жылдан 4,6 пайызға жоғары. Экспорт көлемі 2010 жылы 9,1 миллиард текше метрді құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 130 пайызға өсті.