Қазақстанның халық әртісі Н. Үсенбаеваның мерейтойлық концерті өтеді
АЛМАТЫ. Наурыздың 18-і. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Наурыздың 26-сы күні Алматыда Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұржамал Үсенбаеваның мерейтойлық концерті өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат театрдың әдебиет бөліміне сілтеме жасап.Концерт әншінің 50 жасқа толуына және шығармашылық қызметінің 25 жылдығына арналады. Шара 28-ші наурыз күні болатын Дж. Пуччинидің «Богема» операсымен жалғасады.