«Қазақстанның Халық банкі» төлем карточкаларының иелері ПИН-кодтарын өздері ауыстыра алады
АСТАНА. Маусымның 9-ы. ҚазАқпарат - Халық банкі төлем карточкаларын ұстаушыларға жаңа - «Төлем карточкасының ПИН-кодын ауыстыру» қызметін ұсынуда.
Бұдан былай Банк клиенттері ПИН-кодтарын Халық банкінің кез-келген банкоматында және кез-келген уақытта өзіне ыңғайлы комбинацияға ауыстыра алады. ПИН-кодты ауыстыру жөніндегі операциялар саны шектеусіз, деп хабарлайды ҚазАқпарат банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. ПИН-кодты ауыстыру жөніндегі нұсқаулықпен банктің halykbank.kz сайтында немесе 259 0777 (Алматыдағы абоненттер үшін) және 8 8000 8000 59 (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін) телефондары арқылы танысуға болады.