Қазақстанның «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексіне донорлық мәселелер бойынша өзгертулер енгізіледі

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Гүлнәр Құлқаева мәлім етті.
«Заңнама бойынша көптеген жұмыстар жүргізілуде. Біздің барлығымыз да бұл мәселеде, яғни донорлық тұрғыда пациенттің қорғалуы үшін мығым заңнамалық база болуы қажеттігін түсінеміз. Сондықтан да біз қазіргі уақыта кодекске сәйкесінше өзгертулер енгізудеміз. Ол донордың да, реципиенттің де құқықтық қорғалуына кепілдік береді»,- деді ол.
Ал «Ұлттық кардиохирургиялық ғылыми орталығы» АҚ басқармасының төрағасы Юрий Пяның атап өтуінше, Қазақстанда донорлыққа тұрғындар түсіністікпен қарауы үшін уақыт қажет.
«Кейбір клиникаларда мамандардың өздері де әлеуетті донорларды анықтаумен айналысқылары келмейді. Өйткені, бұл олар үшін артық проблема. Меніңше, мұндай шешім қабылдануы үшін қалай болғанда да өз уақыты жетуі керек», - деді ол.