Қазақстанның халықаралық қатынастар кеңесі ҚР-дың Орталық Азиядағы стратегиясын талқылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның халықаралық қатынастар кеңесі (ҚХҚК) 14 қыркүйек күні «Қазақстанның Орталық Азиядағы стратегиясы: өңірлік ынтымақтастықтың векторын нығайту» атты аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылық сияқты өзекті мәселелерге арналған сарапшылық кездесу өткізді.
None
None

Әлемдік геосаяси өзгерістердің аясында Орталық Азия жаңа саяси және әлеуметтік-экономикалық трансформация кезеңіне кіреді. Аймақтағы елдер өздерінің халықаралық және аймақтық үдерістердегі рөлін түсінуге тырысуда. Соған байланысты өңірлік ынтымақтастық мәселесі күннен-күнге артып келеді.             

Сараптамалық пікір алмасу барысында қатысушылар халықаралық күн тәртібінде тұрған маңызды мәселелерді, аймақтық саясат және қауіпсіздік саласындағы соңғы оқиғаларды талқылады. Солардың бірі - Қазақстанның Орталық Азиядағы стратегиясы.

Ғылыми шараға Қазақстанның жетекші сарапшылары, ҚР Президенті Әкімшілігінің өкілдері, ҚР Сыртқы істер министрлігінің жауапты қызметкерлері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Қазақстанда аккредитациядан өткен халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық миссия өкілдері қатысты.

 ҚХҚК 2017 жылдың 10 мамырында Қазақстан саяси ғылымдар қауымдастығының және «Қазақстан дипломаттары бірлестігінің» бастамасымен құрылған. Кеңестің құрылтай жиналысында Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев осы бірлестіктің Құрметті төрағасы болып сайланды. Кеңестің төрағасы - белгілі саясттанушы Ерлан Қарин. Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов, Парламент Мәжілісі Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев, отандық жетекші талдау орталықтарының басшылары Кеңес Төралқасының құрамына кіреді.

Кеңестің басты мақсаты - халықаралық қатынастар саласындағы отандық сарапшыларды біріктіру және ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың маңызды халықаралық бастамаларын ілгерілету, сондай-ақ, жаһандық тұрғыдағы күн тәртібінде тұрған ең өзекті мәселелерді талқылау және ұсыныстар әзірлеу.

null

 

Соңғы жаңалықтар