17:22, 05 Қазан 2012 | GMT +5
Қазақстанның халықаралық қоры қыркүйектің соңында 85,5 млрд. АҚШ долларына жетті
АСТАНА. 5 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстанның халықаралық қоры қыркүйектің соңында 85,5 млрд. АҚШ долларына жетті.

Бұл туралы бүгін Астанада «Нұр Отан» ХДП-ның ҚР Парламенті Мәжілісіндегі фракциясының кеңейтілген жиналысында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченко мәлім етті.
«Бұл 2011 жылдың желтоқсанындағы көрсеткіштен 17,2 пайызға артық», - деп атап өткен оның сөзіне қарағанда, соның ішіндегі Ұлттық банктің алтын-валюта қоры шамамен 30 млрд. долларға жеткен.
Сондай-ақ төрағаның айтуынша, еліміздің халықаралық резервінің өсуі Ұлттық банкке ұлттық валютаны тұрақты ұстауға ммкіндік берген.