Қазақстанның халықаралық резерві 35 млрд долларды құрады - ҰБ

АСТАНА. ҚазАқпарат – Өткен жылдың соңында Ұлттық банктің жалпы халықаралық резерві 3,1%-ға ұлғайып, 35,1 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл туралы ҚазАқпарат ҰБ сілтеме жасап хабарлайды.
None

Резервтердің өсуіне активтердің валюталық бөлігінің ұлғаюы ықпал етті. Алтын бағасының бір унция үшін 1812 АҚШ долларына дейін 3,0%-ға көтерілуіне қарамастан алтын-валюта активтерін әртараптандыру мақсатында алтынның сатылуына байланысты алтын портфелінің қысқаруы байқалды.

Желтоқсанның соңында Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін (55,7 млрд АҚШ доллары) қоса алғанда, елдің жалпы халықаралық резервтері 90,8 млрд АҚШ долларын құраған.


Соңғы жаңалықтар