Қазақстанның халықаралық резерві 88,67 млрд доллардан асты
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылдың маусымында мамыр айымен салыстырғанда, Қазақстанның халықаралық резервінің көлемі 1,37 пайызға, 2017 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 0,45 пайызға кеміп, 88,674 млрд долларды құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР Ұлттық банкі мәліметіне сәйкес, Қазақстанның жалпы халықаралық қорының көлемі маусым айында 0,51 пайызға (жылдың басынан бері 0,59 пайыз), 30,563 млрд долларға дейін, оның ішінде таза халықаралық қор көлемі 0,51 пайызға (-0,55 пайыз), 30,065 млрд долларға дейін кеміді.
ҚР Ұлттық банкі активтерінің көлемі 1,81 пайызға (-0,38 пайыз) азайып, 58,111 млрд долларды құрады. Еркін конверттелетін валютадағы активтер көлемі 17,629 млрд долларды құрап, өткен айда 1,53 пайызға (өткен жылдың желтоқсанында 3,39 пайызға төмендеген болатын) артып отыр. Алтын активтердің көлемі 3,16 пайызға (+3,49 пайыз) 12,935 млрд долларға дейін азайды.