11:43, 03 Шілде 2012 | GMT +5
Қазақстанның халықаралық резервтері 86 млрд. АҚШ долларына жуықтады - Б. Сағынтаев
АСТАНА. 3 шілде. ҚазАқпарат - Еліміздің халықаралық резервтері жыл басынан бері 12,9 млрд. АҚШ долларына артты.

Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтіп жатқан ҮИИДМБ-ны іске асыруға арналған индустриялық форумда ҚР Экономикалық даму және сауда министрі Бақытжан Сағынтаев мәлім етті.
«Ұлттық қордың қаржысын қоса есептегенге еліміздің халықаралық резервтері жыл басынан бері 12,9 млрд. АҚШ долларына артып, 86 млрд. долларға жуық қаржыны құрады»,-деді министр.
Республикалық бюжеттің кірісі 2,7 трлн. теңгені құрап, 25,5 пайызға артты. Ал шығыстар 2,4 трлн. теңгеге жетіп, 19,5 пайызға өсті.