13:11, 11 Желтоқсан 2018 | GMT +5
Қазақстанның халықаралық резервтері $87,8 млрд доллар болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылғы қарашада Қазақстанның халықаралық резервтері қазан айымен салыстырғанда 3,69%, 2017 жылғы желтоқсанға қарағанда 1,45% азайып, 87,786 млрд АҚШ долларын құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР Ұлттық банкінің деректеріне сәйкес, Қазақстанның жалпы халықаралық резервтерінің көлемі қараша айында 3,84% (жыл басынан бері - 1,91%) - 30,158 млрд долларға дейін, соның ішінде таза халықаралық резервтер көлемі 3,9% (-1,85%) 29,672 млрд долларға дейін азайған.
ҚР Ұлттық қорының активтері 3,61% (-1,21%) өсіп, 57,628 млрд долларға жетті. Еркін конвертацияланатын валютадағы активтер көлемі өткен айда 5,84% (былтырғы желтоқсаннан бері - 9,01%) қысқарып, 16,603 млрд долларды, ал алтындағы активтер көлемі 1,48% (+8,45%) өсіп, 13,555 млрд долларды құрады.