Қазақстанның халықаралық резервтері $92,2 млрд құрады - Ұлттық банк

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылдың маусым айындағы деректер бойынша, еліміздің халықаралық резервтері жалпы алғанда 92,2 млрд долларды құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қаржылық реттеушінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

2017 жылдың маусымында Ұлттық банктің жалпы халықаралық резервтерінің көлемі 30,0 млрд доллар болды. Сонымен қатар шетелдік валютадағы активтер 18,9 млрд долларды, алтын активтері 11,2 долларға жетті.

2017 жылдың шілде айында Ұлттық банкің активтерін қоса алғанда еліміздің халықаралық резервтерінің көлемі 92,2 млрд доллар болды. 2017 жылдың маусымында қаржы базасы 6,5 процентке сығымдалып, 5 173,9 млрд. теңгені құрады.

Ұлттық банктің екінші деңгейлі банктердің шұғыл депозиттерін есепке алмағандағы қаржы базасы 2,3 процентке сығымдалып, 4 862,3 млрд. теңгені құрады. 2017 жылдың маусымында қаржы массасы 1,2% ұлғайып, 19 690,7 млрд. теңгеге жетті. Айналымдағы қолма-қол қаржы 5,1%-ке артып, 1 830,7 млрд. теңгені құрады.

Соңғы жаңалықтар