10:59, 09 Қараша 2017 | GMT +5
Қазақстанның халықаралық резервтері жыл басынан бері 2,9%-ке қысқарды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 88,081 млрд АҚШ долларын құраған Қазақстанның халықаралық резервтері 2017 жылғы қазанда қыркүйекпен салыстырғанда 1,33%-ке азайып, жыл басынан бері 2,94%-ке қысқарды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
ҚР Ұлттық банкінің мәліметтеріне сәйкес, Қазақстанның жалпы халықаралық резервтерінің көлемі қазан айында 31,844 млрд долларды құрап, 1,13%-ке азайған (қаңтар-қазанда 7,84%-ке артқан), соның ішінде таза сыртқы халықаралық резервтер көлемі 1,15%-ке (+8,04%) немесе 31,328 млрд долларға қысқарған.
ҚР Ұлттық қоры активтерінің көлемі 56,237 млрд долларды құрап, 1,45%-ке (-8,14%) қысқарды. Еркін конвертацияланатын валютадағы активтер көлемі 19,882 млрд долларды құрады. Бұл соңғы айда 1,76%-ке (жыл басынан бері 0,16%-ке) азайды деген сөз. Алтын активтерінің көлемі 0,07%-ке (+24,39%) немесе 11,962 млрд долларға қысқарды.