Қазақстанның халықаралық резевтері 27, 3 пайызға өсті - Үкімет отырысы
АСТАНА. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстанның халықаралық резевтері 27, 3 пайызға өсті. Бұл туралы Үкіметтің бүгінгі отырысында Экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетов айтты.
«Экономиканың елеулі қаржы әлеуеті жасалды. Елдің халықаралық резевтері толықтай алғанда 27, 3 пайызға өсті», - деді ол.
Жалпы министрлік таратқан ақпаратқа сәйкес шетелдік валютадағы ұлттіқ қордың 43,3 млрд. АҚШ доллары активтерін қоса алғандағы халықаралық қорлары 75,4 млрд. АҚШ долларына жеткен.