Қазақстанның ХҚО тәжірибесіне Беларусь қызығушылық танытты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Беларусь Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Ирина Костевичтің жетекшілігімен Қазақстанға келген делегация Астанадағы Халыққа қызмет көрсету орталығына барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Азаматтарға арналған үкіметке сілтеме жасап.

Қазақстанның ХҚО тәжірибесіне Беларусь қызығушылық танытты

«Қонақтарға біздің еліміздегі мемлекеттік қызмет көрсетуді дамытудың жаңа үрдістері, оның ішінде мемлекеттік корпорацияның фронт-офистері туралы, электронды үкімет порталы арқылы көрсетілетін әлеуметтік қызметтер туралы айтып бердім. Олар мемлекеттік қызметті көрсетудің проактивті принципіне өту бойынша Қазақстан тәжірибесіне қызығушылық танытты. Таяу уақытта тағы 21 әлеуметтік қызмет проактивті форматта ұсынылатын болады», - деп жазды Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясының басшысы Абылайхан Оспанов әлеуметтік желіде.

null