Қазақстанның хоккейден құрамасы IIHF рейтингінде 16-шы орынға көтерілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық хоккей федерациясы Ресейдегі әлем чемпионатынан кейін құрамалар рейтингін жаңартты, деп хабарлады Sports.kz.

Қазақстанның хоккейден құрамасы  IIHF рейтингінде 16-шы орынға көтерілді

Тізімді бұрынғыша канадалықтар бастап тұр, екінші орында ресейліктер, Суоми командасы америкалықтардың алдына түсіп, үшінші орынға жайғасты.

Қазақстан құрамасы элиталық дивизионнан шығып қалғанына қарамастан, өз орнын жаңартып, өткен жолғы рейтингіден 1 сатыға жоғары көтерілді.

IIHF бойынша құрамалар рейтингісі:

1 (1). Канада - 3 495
2 (2). Ресей - 3 380
3 (4). Финляндия - 3 355

16 (17). Қазақстан - 2 470.