Қазақстанның хоккейден жасөспірімдер құрамасы Мажарстанда өткен Әлем чемпионатында төртінші рет жеңіске жетті
АСТАНА. 16 сәуір. ҚазАқпарат - «Қазақстанның хоккейден жасөспірімдер құрамасы Мажарстанның Секешфехервар қаласында өткен Әлем чемпионатында төртінші рет жеңіске жетті»,
деп хабарлайды Sportlive.kz .
Төртінші турда қазақстандықтар жарыс иелерін, яғни Мажарстан құрамасын 3:1 есебімен жеңді. Қазақстандықтар әрбір кезең сайын қарсыластарының қақпасына екі шайбадан, ал мажарлықтар 1 шайбадан салып отырды. Қазақстан құрамасынан Семен Кошелев, Владислав Хохулев пен Аркадий Шестаков ерекшеленді.
Енді В тобының I дивизионындағы жеңімпаз бен А тобындағы жолдаманың иегері Қазақстан мен Беларусь құрамаларының ойынынан соң анықталады.
Естеріңізге сала кетейік, 11-17 сәуір аралығында Мажарстанның Секешфехервар қаласында хоккейден жасөспірімдер құрамаларының Әлем чемпионаты өтуде.