Қазақстанның ІІМ насыбайға тыйым салмақ

АСТАНА. Қыркүйектің 30-ы. ҚазАқпарат /Гүлнәр Жандағұлова/ - Қазақстанның Ішкі істер министрлігі насыбайға тыйым салмақ.
None
None

Бұл туралы бейсенбі күні министрлік өкілдері on-line конференция барысында айтты.

Құқық қорғау органдарында хабарланғандай, «насыбайдың құрамындағы заттар мемлекет тарапынан қадағаланбайды. Сондықтан оны сатуға тыйым салынбаған».

Соңғы зерттеулердің нәтижелері көрсетіп отырғандай, «оны пайдалану денсаулыққа елеулі зардабын тигізеді, өйткені оның құрамына темекі, ақ балшық және тауық нәжісі, өзге жануарлар мен құстардың нәжістері кіреді».

«Ақ балшық пен темекі сілекейлі қабыршақты күйдіріп, бұл ақыр аяғында жазылмайтын жаралар мен құрт ауруына алып келеді. Ал жануарлар мен құстардың нәжістерінде түрлі микробтар, сонымен қатар паразиттердің жұмыртқалары болады. Ал олар адам ағзасына енгеннен кейін адамды улап, түрлі жұқпалы аурулар туғызады», - дейді мамандар.

«Сондықтан қазіргі күні біз Түрікменстанда секілді оған тыйым салу мәселесін қарастырудамыз», - деп қорытты ІІМ өкілдері.

Соңғы жаңалықтар