Қазақстанның ИКҰ-ға төрағалығы кезеңіндегі негізгі басымдықтары Душанбеде айтылатын болады

АСТАНА. Мамырдың 11-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Мамырдың 18-і мен 20-сы күндері Тәжікстан астанасы Душанбеде Ислам конференциясы ұйымы Сыртқы істер министрлерінің 37-ші сессиясы өтеді.
None
None

Оған қатысатын біздің елдің делегациясын ЕҚЫҰ-ның іс басындағы төрағасы, ҚР Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев бастап барады. Бұл туралы бүгін Астанадағы апталық брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ИКҰ Сыртқы істер министрлерінің алдағы 37-ші сессиясы маңызды іс-шара ретінде қарастырылып отыр. Оның барысында Қазақстан ИКҰ-ға мүше елдер Атқарушы комитетінің құрамына кіреді, Ұйымның барлық маңызды шараларына және құжаттарын әзірлеуге белсенді қатысуды бастайтын болады», деді І. Омаров.

Оның айтуынша, аталмыш форум екі жақты форматта да, көпжақты форматта да өзара қызығушылық туғызатын мәселелердің кең ауқымын талқылауға мүмкіндік береді. «Қазақстан тарапы ИКҰ Сыртқы істер министрлерінің 37-ші сессиясының резолюциясына өзекті ұсыныстар мен бастамаларды енгізді. Олар Ұйымның тиісті құжаттарында көрініс тапты. Шара барысында Қ. Саудабаев сөз сөйлейді деп күтілуде, онда Қазақстанның ИКҰ-ға төрағалығы кезеңіндегі негізгі басымдықтары көрсетілетін болады», деді І. Омаров.

Соңғы жаңалықтар