Қазақстанның инновацияларға бөлетін қаржы көлемі болашақта ұлғаятын болады - К.Мәсімов

Бұл туралы бүгін Президенттік инновациялық клубтың алғашқы отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мәлім етті.
Үкімет басшысының айтуынша, инновацияларға бөлінетін қаржы көлемінің ұлғаятыны нақты шешілген мәселе. «Егер, әрине, бізге әлемдік дағдарыс әсер етпейтін болса. Ал дағдарыстың біздің елімізді де шарпуы мүмкіндігін ешкім де жоққа шығара алмайды. Бұл ретте асығыстық таныту да қауіпті, сол себепті қаржы мәселесіне келгенде елдің бюджеттік мүмкіндіктеріне де қарау керек»,-деді Премьер-Министр.
Сондай-ақ ол сөзінде өткен аптада Мемлекет басшысының Алматыда ғалымдармен кездесуі барысында Үкімет алдына нақты міндеттер қойғандығын, осыған қарай Үкімет алдағы отырыстарының бірін инновациялар мен ғылым арасындағы байланыс мәселесіне арнайтындығын атап көрсетті.