Қазақстанның инвестициялық картасы бойынша ақпараттық жүйе құрылды- Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі

АСТАНА. Мамырдың 19-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Министрлікте «Қазақстанның инвестициялық картасы» атты ақпараттық жүйе құрылды.
None
None
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында өндірістік қуаттарды оңтайлы орналастыру Картасын әзірлеу жұмыстары бойынша баяндамаса жасау кезінде Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Мемлекеттік органдар мен мемлекеттік холдингтер ұсынысының негізінде жалпы сомасы 8,5 триллион теңгенің жүзеге асырылатын және іске асыруы жоспарланып отырған 382 инвестициялық жобалардың ішінен іріктеу шаралары жүргізіліп, алдын ала қоржыны қалыптастырылды. Оларға талдау жасалды. Министрлікте «Қазақстанның инвестициялық картасы» атты ақпараттық жүйе құрылған. Оның базасында инвестициялық үдерістерді басқарудың жүйесі құрылмақ. «Аймақтық және салалық жоспарларды теңдестіру үшін жобалардың ресурстық және инфрақұрылымдық қамтамасыз етілуінің бағалау тетігі анықталды», - деді министр. Оның сөзіне қарағанда, нақты жобалар мен аймақтардағы тетікті алдын ала қарастыру кезінде келешектегі өндірістердің ресурстық-шикізаттық және инфрақұрылымдық базамен қамтамасыз етілуінің көрінісі байқалды. Атап айтқанда, қоржындағы 382 жобаның ішінен 73-і бойынша электр энергиясымен қамтамасыз ету мәселесін шешу қажет. Сонымен қатар Б. Сұлтановтың пікірінше, «су және көлік инфрақұрылымының қолжетімділігіне байланысты жобаларға жіті назар бөлу керек».
Соңғы жаңалықтар