19:18, 23 Тамыз 2010 | GMT +5
«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ-ға жаңа басшы тағайындалды
АСТАНА. Тамыздың 23-і. ҚазАқпарат - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқармасының төрағасы Қайрат Келімбетов «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ-ның ұжымына жаңа басшысын таныстырды. Тимур Жақсылықов басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлады «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ баспасөз қызметі.

«Т.Жақсылықов Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін, политехникалық зерттеу институтының магистратурасын (Страсбург, Франция), Қазақ экономика және қаржы институтын аяқтаған. Әр жылдарда орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда қызметте болған, - делінген ресми хабарламада.
Инвестициялық қордың жаңа басшысы бұрын ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің инвестиция жөніндегі комитетінің төрағасы болған.