Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы жақсара түсуде - Айдан Кәрібжанов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы инвесторлар үшін жақсара түсуде. Мұндай пікірді бүгін Астана экономикалық форумы аясында өткен сессиялардың бірінде Visor Holding директорлар кеңесінің төрағасы Айдан Кәрібжанов білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы жақсара түсуде - Айдан Кәрібжанов

«Мен осыдан біраз уақыт бұрын бизнесті бастағанымыз біз үшін сәтті болғандығы туралы шет жағасын айтқан едім. Мұнай циклі енді басталып жатты. Яғни,  он немесе он екі жыл қатарынан экономика жоғары қарқынмен өсіп отырған кезеңде бизнесті  дамыту барынша жеңіл еді. Бірақ активтерінің қымбаттай түсуі басқа проблема болатын. Бұл ерекше құбылысты экономистер сипаттап та берді. Сондықтан қандай да бір сәтте Қазақстан қымбат активтердің салдарынан тартымсыз болды. Реттеу мәселелерін, біздің соттардың қаншалықты тәуелсіздігін, жемқорлық деңгейінің жоғары не төмен екендігін, үкімет іскерлік ахуалды жақсарту үшін қаншалық күш-жігер жұмсайтындығын қаперге алып отырғаным жоқ. Біреулері жақсарады, біреулері нашарлай түсті. Алайда базалық тұрғыда алып қарайтын болсақ, барлығы да мұнай бағасына арқа сүйейді», - деді Айдан Кәрібжанов.

Оның айтуынша, дағдарыс орын алғаннан кейін баға құбылуын және бүгінгі күні отандық банк секторында орын алып жатқан жайттарды жете түсіне бастадық.

«Іскерлік ағзаны жақсарту үшін қанның жаңа легі қажет. Қытайда халықтың табысы артып келе жатыр. Осыған байланысты біз олармен салыстырғанда жұмыс орны ретінде барынша қымбат болып көрінбейміз. Сондықтан  менің ойымша, Қазақстан барынша тартымды бола түсуде. Соңғы жылдары орын алып жатқан жайттарды сыни тұрғыда бағалау қалыптасқан. Бірақ, осы жылдың ішінде экономика өсімі мені таң қалдырып отыр. Болжау жасауға қорқамын. Алайда циклдің аяқталып келе жатқандығын сезіп отырмын», - деді ол.

 Осы ретте экономист Қазақстанның шетелдік инвесторлар үшін тартымдылығы жақсарып келе жатқандығын баса айтқан.