Қазақстанның ипотекалық несиелерге кепілдік беру қорының жаңа басшысы тағайындалды

Бұл туралы холдингтің баспасөз қызметінен хабарланды.
Д. Оңаев «Іскерлік әкімшілеу және бухгалтерлік есепке алу» бағдарламасы бойынша Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтын (ҚМЭБИ), қаржы және инвестициялар саласындағы магистрлік бағдарлама бойынша Эдинбург Университетін (Эдинбург қ., Ұлыбритания) тәмамдады.
Әр жылдары «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-да, «Қазкоммерцбанк» АҚ мен «Halyk Finance» АҚ-да жұмыс істеп, инвестициялық жобаларды және бірігулер мен қосып алулар бойынша шарттарды (M&A) талдаумен айналысты. Сонымен қатар ол құрылыс, тасымалдау және логистика саласындағы ірі компанияларға несие беру, жекеше компаниялардың бағалы қағаздары шығарылымын сүйемелдеу жұмыстарын атқарды. Бұдан басқа, «Самұрық-Қазына» АҚ-ның инвестициялық жобалар департаментінде жұмыс істеу тәжірибесі бар.
2013 жылғы желтоқсан мен 2015 жылғы ақпан аралығындағы кезең ішінде «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Мемлекеттік-жекешелік әріптестік пен арнайы жобалар департаментінің директоры қызметін атқарды. 2015 жылғы ақпанда инвестициялық блокқа, сондай-ақ тікелей инвестициялар қорларын құру мен олардың өзара іс-қимылы мәселелеріне жетекшілік ететін «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.
«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын сүйемелдеу орталығы» ЖШС Байқау кеңесін 2014 жылғы наурыздан, «Baiterek Venture Fund» АҚ-ның («Қазына Капитал Менеджмент» АҚ-ның еншілес ұйымы) Директорлар кеңесін 2014 жылғы қыркүйектен бастап басқарады. 2015 жылғы маусымнан «Аллюр» компаниялар тобы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылады.