Қазақстанның ішкі туризмі дамып келеді

АСТАНА. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Ағымдағы жылы Қазақстанның ішкі туризмі 15,7 пайызға ұлғайды. Бұл туралы бүгінгі он-лайн конференция барысында ҚР Туризм және спорт вице-министрі Қайырбек Өскенбаев мәлім етті.

Қазақстанның ішкі туризмі дамып келеді

Оның сөзіне қарағанда, соңғы тоғыз айдың ішінде ішкі отандық туризмнің деңгейі 15, 7 пайызға, яғни ел ішінде саяхат жасайтын азаматтардың саны 3 млн. 369 мың адамға жетті», - деп атап көрсетті Қ.Өскенбаев.