Қазақстанның ішкі туризмнен алатын табысы барлық кірісінің 3 пайызын ғана құрайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның ішкі туризмнен алатын табысы барлық кірісінің 3 пайызын құрайды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Елена Тарасенко мәлім етті.
None
None

«Бүгінгі таңда Қазақстанда ішкі туризмнен алынатын табыс барлық кірістің не бәрі 3 пайызын ғана құрайды. Ал бұл көрсеткіш дамыған елдерде шамамен 20-30 пайыз төңірегінде ауытқып тұрады. Біздің ойымызша, қазіргі уақытта туризм инфрақұрылымын қарқынды түрде жетілдіріп, туристік саланы құқықтық тұрғыда қамтамасыз етуіміз қажет. Бұған қоса, туристік өнім құны көрсетілетін қызмет сапасына сай болуы тиіс», - деді депутат.

Оның пайымынша, туристік саланың дамуын қамтамасыз етудегі міндетті шарттардың бірі - туризмге мемлекеттік деңгейде қолдау көрсету.

«Туристік қызмет ұлттық экономиканың құрамдас бөлігі саналады. Сондықтан оның түйткілдерін жүйелі әрі кешенді түрде шешу қажет. Осындай жұмыстар қолға алынар болса, онда туризм Қазақстанның тартымды салаларының біріне айнала алады», - деді Е.Тарасенко.

Соңғы жаңалықтар