Қазақстанның іскерлік ахуалы айтарлықтай жақсарды-Премьер-Министр

ТАНА. 20 қыркүйек. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Біз Қазақстанның іскерлік ахуалын айтарлықтай жақсарттық. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» ХДП парламенттік фракциясының отырысында Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті.

Қазақстанның іскерлік ахуалы айтарлықтай жақсарды-Премьер-Министр

«Тек ағымдағы жылы 1015 рұқсатнамалық процедуралардың 331 қысқартылды. Лицензия алу кезінде «жалғыз терезе» ұстанымы енгізілді»,-деді К. Мәсімов.

Үкімет басшысының сөзіне қарағанда, мемлекеттік органдардың қадағалау қызметін реттеу үшін заңнамалық түрде тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде тексерулердің мерзімін бекітетін арнайы тетік нақтыланды. Сонымен қатар Премьер-Министр 2010 жылы Қазақстан Дүниежүзілік банк тарапынан бизнес ахуалды жақсарту бойынша әлемдік көшбасшы ретінде танылғанын еске салып өтті.