Қазақстанның Израильдегі Елшісі тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Дулат Оразбекұлы Қуанышев Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.

Қазақстанның Израильдегі Елшісі тағайындалды

Сондай-ақ ол Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.