Қазақстанның қаңтар-шілде айларындағы сыртқы сауда айналымы 42,9 млрд долларды құрады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның 2017 жылдың қаңтар-шілде айларындағы сыртқы сауда айналымының көлемі 42 901,4 млн долларды құрап, 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, 29,9%-ға артты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетіне сілтеме жасап.

Қазақстанның қаңтар-шілде айларындағы сыртқы сауда айналымы 42,9 млрд долларды құрады

Есепті кезеңдегі экспорт көлемі 35,3%, 26 939,1 млн доллар, импорт көлемі - 20,1%, 15 962,3 млн долларға дейін артты.