Қазақстанның кардиохирургиялық қызметіне зерттеудің жоғары технологиялық әдістері енгізілуде

деді рm.kz. сайтына берген арнайы сұхбатында Е.Н.Мешалкин атындағы Новосібір қан айналымы патологиясын ғылыми-зерттеу институтындағы эндоваскулярлы хирургия бөлімінің меңгерушісі Александр Осиев.
«Бүгінгі таңда Қазақстандағы клиникалар тиісті құралмен жабдықталған, сол сияқты дәрігерлер де тиісті мамандандырудан өтті. Технологияны тиісті деңгейінде ұстап отыру үшін мамандарды үнемі оқытудан өткізіп отыру керек», - деді Александр Осиев «Қазақстандық интервенциялық кардиологтар және рентгенхирургтар қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігінің І съезіні ң аясында.
Ол сондай-ақ өзара ынтымақтастық, технологияны үнемі оқу мен тәжірибе алмасу өте маңызды рөль атқаратынын атап өтті.
«Мен Қазақстан кардиохирургтарымен арадағы ынтымақтастықты және клиникаларыңыздың жабдықталуын қазақстандық деңгейге сай деп бағалаймын», - деді ол.
А.Осиев сондай-ақ Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықтың қызметіне қатысты өз ойын білдірді.
«Бұл орталыққа келетін болсақ, клиникада барлық заманауи технологиялар пайдаланылады. Алдағы уақытта әлем бойынша өте сирек кездесетін технологиялар осы орталыққа жетеді», - деп түйіндеді А.Осиев.