Қазақстанның Қарулы Күштері көктемгі шақырудың мерзімді қызмет жауынгерлерімен жасақтауды аяқтады

АСТАНА. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат – Қазақстанның Қарулы Күштері көктемгі шақырудың мерзімді қызмет жауынгерлерімен жасақтауды аяқтады.Шақыру науқаны басталғаннан бастап бір жарым ай ішінде шақырылушыларды іріктеу ең алдымен Қарулы күштер қатарында жүргізілді – қорғаныс істері жөніндегі департаменттер мен басқармалардың ұстанымдары осындай,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Мамырдың 31-інде Қарулы Күштердің барлық әскери бөлімшелерінде жас жауынгерлер Отанға деген адалдық антын қабылдайды.Бүгінгі күні «Көктем-2009» шақыру науқаны жалғастырылуда. Ол маусымның аяғына дейін созылады. Мамырдың соңғы күндері ҚР ҰҚК шекарашылар әскеріне шақырушыларды іріктеу аяқталады. Ал биылғы шақыру науқаны маусымның 10-ында ҚР ІІМ Ішкі әскерлерінің бөлімшелеріне жауынгерлерді аттандырумен аяқталады.
Соңғы жаңалықтар
Референдум