Қазақстанның кәсіподақ қозғалыстары ұсақталып кетті - Еңбек министрі
«Бүгінгі таңда қазақстандық кәсіподақ қозғалысы тым ұсақталып кетті. Мәселен, іс жүзінде жұмыспен қамтылған 8,4 млн. халықтың тек 30 пайызы ғана немесе 2,5 млн. адам осындай қозғалысқа бірігіп отыр. Бұған қоса, бүгінгі ішкі нақты жағдайымыз де өзгерді, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы қағидатты түрдегі міндеттерді шешуде. Ал осыдан он жылдан астам бұрын қабылданған «Кәсіптік одақтар туралы» заң бұған ешқандай да жауап бере алмай келеді», - деді министр Т. Дүйсенова.
Осыған орай, министр елімізде «Кәсіптік одақтар туралы» жаңа заң қабылдау уақыты жеткенін алға тартады. Ал жаңа құжатта кәсіптік қозғалыстардың әлемдік тәжірибесін негізге алуға болады. «Бұл ретте халықаралық тәжірибені, Халықаралық еңбек ұйымының ұйғарымдары мен Қазақстандағы кәсіптік одақтарды институционалдық және құрылымдық шұғыл жаңғырту ескеріле келе жаңа заң жобасы әзірленіп отыр. Оның негізі етіп, әлеуметтік әріптестік институтының ықпалын нығайтуға бағытталған «күшті әріптес» моделін алуды ұсынамыз», - деді Т. Дүйсенова.