Қазақстанның кәсіподақтар федерациясының мәлімдемесі

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанның кәсіподақтар федерациясының мәлімдемесінің мәтінін жариялайды.

Қазақстанның кәсіподақтар федерациясының мәлімдемесі

Еңбекшілердің ең бұқаралық және өкілетті ұйымы болып табылатын қатарында 2 миллионнан астам мүшесі бар Кәсіподақтар федерациясы іс басындағы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың кезектен тыс президенттік сайлауға кандидатурасын ұсынуын толығымен қолдайды. Қазақстанда еңбек адамы үшін қажетті барлық жағдай жасалып отыр. Ел Президенті бастамашы болғаны «Нұр жол» бағдарламасы аясында жүздеген мың жұмыс орындары ашылуда. Мемлекет өзінің әлеуметтік міндеттемелерін толығымен орындайды. Қазақстанның кәсіподақтар федерациясы елдің әлеуметтік-экономикалық жаңғыртылуын жеделдетуге, қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бастамаларды қолдайды.