Қазақстанның кәсіподақтары мен еңбеккерлері Нұрсұлтан Назарбаевты қолдайды!
Кәсіподақтар федерациясы «Қазақстан-2020» Жалпыұлттық демократиялық күштер одағының мүшесі болып табылады, деп хабарлайды Кәсіподақтар федерациясының баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысының республикада жүргізіп отырған әлеуметтік-экономикалық реформалары мен саяси қайта қалыптастыруларына қолдау білдіру жөніндегі Қазақстан Республикасы Кәсіподақтары федерациясының XXII съезіндегі шешіміне орай атқарушы комитет Кәсіподақтар федерациясының, барлық мүше ұйымдар мен барлық деңгейдегі кәсіподақтық ұйымдардың басты міндеттерінің бірі - 2011 жылдың 3 сәуірі күні өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына белсенді атсалысу деп санайды.
Астана қаласында 2011 жылдың 17 наурызы күні Қазақстан еңбеккерлерінің Н.Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Президенті үміткерлігіне ұсынылуын қолдайтын «Қазақстанның кәсіподақтары мен еңбеккерлері Н.Назарбаевты қолдайды!» деген атаумен форум өткізеді.