Қазақстанның қай өңірлері «қызыл» аймақта тұр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирус инфекциясы бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасының 28 наурыздағы мәліметтері жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның қай өңірлері «қызыл» аймақта тұр

Оған сәйкес, «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары мен Батыс Қазақстан, Атырау облыстары тұр.

«Сары» аймақта Ақтөбе, Алматы, Қарағанды облыстары орналасқан. Қалған өңірлер – «жасыл» аймақта.